Жаңалықтар ФУРО

Ақсайлық оқушы Лондонда өткен халықаралық суретшілер байқауында жүлделі болды

Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласындағы № 5 орта мектептің сегізінші сынып оқушысы Александра Богданова британдық Golden Time Talent суретшілер байқауында екінші орын алды.

Сурет салғанды жақсы көретін дарынды оқушы конкурс туралы интернеттен көріп, оған өз туындысының бейнеролигін жіберген. Халықаралық байқауда қазылар алқасы Александраның картинасына жоғары баға беріп, арнайы дипломды сыйға тартты. Жас суретшінің жетекшісі – Ләззат Күшекбаева.

Golden Time Talent - шығармашылық топтар мен жеке орындаушыларға, суретшілер мен бишілерге және IT-мамандарға арналған конкурстар мен фестивальдерді ұйымдастыратын халықаралық жоба.