Қазақстанда “Цифрлы технологиялар арқылы Ақтөбе облысындағы шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін арттыру” қайырымдылық жобасы жүзеге асып жатыр. Бастамаға “Қазақстар халқына” қайырымдылық қоры қолдау көрсетеді.
Жоба операторы — Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры. Коммерциялық емес ұйым қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайтуға ерекше мән береді.
Осы ретте Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры компьютер жабдығын жеткізіп беру тәжірибесі бар қызмет көрсетуші компанияларды жобаға қатысуға шақырады.
Қызмет көрсетуші компания белгіленген ауылға компьютер жабдығы мен басқа да құрал-жабдықты жеткізуді өз алдына ұйымдастыруы қажет.
Қызмет ақысы қажет тауар діттеген жерге жеткізіліп, қабылдау-тапсыруға қатысты құжаттарға қол қойылғаннан кейін толық төленеді.