Жаңалықтар ФУРО

«Powered by NIS ауыл мектебі» жобасы аясында 50-ден астам кабинет жабдықталды

Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қоры «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-мен бірлесіп «Powered by NIS ауыл мектебі» жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында мектептер НЗМ стандарттары бойынша жабдықталып, мұғалімдерге әдіснамалық қолдау көрсетіледі.

2019 жылдан бастап қор Катонқарағай, Ұлан, Бұланды және Бурабай аудандарының 5 мектебіне 1 миллиард теңгеден астам инвестиция құйды. Бағдарлама нәтижесінде 50-ден астам кабинет қайта жасақталып, оны іске асыруға 320 мұғалім мен 3 500-ден астам оқушы қатысты.