Жаңалықтар ФУРО

ФУРО мен NIS тірек мектептерге байқау жариялады

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ және Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры "Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту" жобасы аясында конкурс өткізеді.

Байқау 2023-2024 оқу жылындағы жоба қорытындысына рефлексия жасауға бағытталған. Ондағы басты міндет – жоба шеңберіндегі үздік бес жетістікті сипаттайтын бейнеролик жасау.

2024 жылғы 16 мамырдан 7 маусымға дейін жалғасатын конкурс нәтижесі 17 маусым күні жарияланады.