Жаңалықтар ФУРО

EdCrunch Reload 2022

Тұрақты білім беру қоры білім беру және жаңа технологияларға арналған EdCrunch конференциясына қатысты. Биылғы жылдың басты тақырыбы ақыл мен технологияның бірігуі болды. Спикерлер нейробиология және цифрлық инновациялар туралы білімді біріктіріп, оқуды қалай өзгертуге, оқушылардың белсенділік деңгейін арттыруға және ресми тәсілдерді жоюға болатынын көрсетті.

AITAS холдингі мен білім беруді тұрақты дамыту қорының негізін қалаушы Серік Толықпаев "Ақыл ойындары" интерактивті сессиясында және мектеп білімінің өмірлік жетістікке әсерін талқылауға арналған панельдік сессияда сөз сөйледі. Өз сөзінде ол болашақтың білімі үш құраушы бөлікке негізделетінін атап өтті. Бұл шығармашылық, математика және әдеп. Осы үш құралдың қиыстырылуы білім беру саласының болашағына оң әсер етуі мүмкін.

Білім беру сапасын арттыру және оны алу үшін тең жағдайлар жасау мемлекет үшін де, Қазақстанның әлеуметтік бағдарланған компаниялары үшін де басым бағыт болып қала береді. Білім беруді тұрақты дамыту қоры басым жоба ретінде "Powered by NIS ауылдық мектебі"білім беру бағдарламасын таңдады. Бас серіктес – "НИШ"ДББҰ.

"Барлық қазақстандық оқушылар үшін тең жағдай жасау өте маңызды. Әр баланың білім беру ортасы қалыптасуы керек: ата – анасы, мектеп, мұғалімдер, құрдастар – осылардың барлығы жиналып оның бойына білім, білік, дағдыларды сіңіреді. Мектеп пен мұғалімдерді ауыстыру мүмкін емес - деді Білім беруді тұрақты дамыту қорының директоры Данияр Тоқтарбаев. - Жоба әдіснамалық көмекке, мұғалімдерді сүйемелдеуге, білім беру сапасын арттыруға және қолжетімді білім беру ортасын құруға бағытталған".