Арыстағы С. Адамбеков атындағы мектеп биыл «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасына енді. Жобаны Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігі, «Қазақстан халқына» қоры, AITAS холдингі, Назарбаев зияткерлік мектептері мен Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры іске асырады.
«Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы ауыл мен қала мектептеріндегі білім сапасы арасындағы теңсіздікті жоюға бағытталған. Жоба 2022 жылдан іске асырылып келеді. Осы аралықта еліміздің 135 мектебі тірек мектептер желісіне қосылды.
Арыстағы С. Адамбеков атындағы мектеп аталмыш жобаға 2024 жылы енді. Биыл мектептің 32 кабинеті мен қосымша білім беру бағытары бойынша студиялар толық жабдықталды. Бұл мақсатқа «Қазақстан халқына» қорынан 250 млн-ға жуық қаражат бөлінген.
Тірек мектептер желісіне қосылған оқу орынының ұстаздары Назарбаев зияткерлік мектептерінен оқу-тағылымдамадан өте бастады. Бұл – жоба ашқан тағы бір мүмкіндік. Әр ұстаз өз бағыты бойынша семинарларға, тренингтер мен интенсивті курстардан өтеді. Сондай-ақ, 3 жыл көлемінде облыстағы зияткерлік мектеп филиалымен тығыз байланысты жұмыс істеп, кең көлемді кеңес алып отырады.
27 қараша сағат 10:00-де Арыс қаласы жұртшылығы мен облыс басшылығына жаңартылған мектеп таныстырылады. Облыс әкімдігі, «Қазақстан халқына» қоры, Оқу-ағарту министрлігі өкілдері мен Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры қамқоршылық кеңесі төрайымы, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы Күләш Шәмшидинова қатысады.
Барлық сұрақ бойынша:
+7 777 0692211 - Ернар Сейтахмет, Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры PR-директоры
Сайтымыз: furo.kz
Instagram: @furo.kz
Facebook: Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры