«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласына әрдайым қолдау көрсетіп, оның дамуына серпін беретін нақты міндеттерді жүктеді. Бүгінгі семинар – Президент тапсырмасына сәйкес, Қазақстанның білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Былтыр Ақтөбе облысында жүзеге асырылған «Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, Ақтөбе облысының шағын жинақты ауылдық мектептерінің әлеуетін дамыту» жобасы білім беру сапасы мен оқыту тиімділігін арттырды. 2023 жылмен салыстырғанда, ауыл мектептерінің білім сапасы орташа есеппен 7%-ға артты. Облыста білім берудің цифрлық экожүйесі қалыптасты.
Шағын жинақты ауыл мектептерін қолдау мақсатында елімізде алғаш рет қолға алынған теңдесі жоқ ірі жоба үшін еңбек еткен барлық азаматтарға ризашылығымды білдіремін», - деді облыс әкімі.
«Бұл жобаны кеңейте түсу керек. Біріншіден, шағын жинақты мектептер көп аймақтарда көбірек іске асыру керек. Біздің басты мақсатымыз – барлық балаларға сапалы білім беру», -деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
«Ақтөбе облысы – тірек және магнит мектептердің кешенді жұмысы толық іске асқан еліміздегі алғашқы аймақ. Жобамыздың нәтижесі шалғай аймақтардағы сапалы кадр жетіспеушілігін тірек мектеп ұстаздары мен цифрлы технологиялар арқылы шешуге болатынын көрсеттік», - деді Данияр Тоқтарбаев.