Жаңалықтар ФУРО

Qadam мектебінде ФУРО өкілдерімен кездесу өтті

9 сәуір күні Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры Qadam мектебінің ұжымымен кездесті. Кездесу барысында “Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру” жобасына әдістемелік қолдау көрсету туралы ұсыныстар айтылды.
“Біз жобаға қатысатын мектеп әкімшілігіне менеджментті басқару мен жұмыс процесін жүргізу бағытында көмектескіміз келеді. Сондай-ақ тірек мектеп мұғалімдерін оқыту бойынша да өз ой-пікірімізбен бөлістік”, – дейді мектеп директоры Райхан Күмісбекқызы.
Qadam school – 2022 жылы негізі қаланған оқу ғимараты. Онда 230 оқушы білім алып, 50 шақты мұғалім қызмет етеді. 7 орыс және 8 қазақ сыныбы бар. Мектептің негізгі миссиясы – ұлттық құндылықтарға сусындап өскен ұрпақ тәрбиелеп шығару. Сол себепті балалар 1 сыныптан бастап әлемдік және ұлттық танымға негізделген “Мәдениет” пәнін оқиды. Ал 3 сыныптан бастап барлық пән ағылшын тілінде жүргізіледі. Басымдық берілетін пәндер – сингапурлық математика, логика, жаратылыстану мен дүниетану.