Жаңалықтар ФУРО

Samsung әлеуметтік жобалар байқауын жариялады

Samsung әлеуметтік жобалар байқауын жариялады

Samsung орта және жоғары сынып оқушылары арасындағы республикалық әлеуметтік жобалар байқауына өтінім қабылдап жатыр.

Solve for Tomorrow – болашақ көшбасшылардың ғылым, технология, инженерия және математика (STEM) саласындағы шығармашылық дағдыларын дамытуға көмектесетін Samsung бастамасы.

Байқауға мемлекеттік және жекеменшік мектеп командалары (13-18 жас) қатыса алады. Ол үшін https://solvefortomorrow.kz/ru/auth сайтына 30 сәуірге дейін өтініш жіберу қажет.