2023 жылы «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында ауыл мектептерінің екі мыңнан астам кабинеті жаңартылды.
Айта кетсек, жобаға қатысушы 62 тірек мектеппен жұмыс жасамас бұрын біз олардың материалдық-техникалық базасына талдау жасадық. Сол кезде мектептерде қандай мәселелер бар екені анық байқалды. Мысалы, жобаға дейін ешбір мектепте интеллектуалды ойындарға арналған орындар болған жоқ. Толық жұмыс істейтін робототехника кабинеттері мектептердің 8% -ында ғана болды. Аспаз, тігін және ағаш ұстасы шеберханалары бар технологиялық кабинеттер мектептердің тек 3% -ында кездескен еді.
Бұл мәселелерді шешу үшін қор мен серіктестер арнайы жоспар құрып, кезең-кезеңнен тұратын жүйелі жұмыс жасады. Нәтижесінде, 2023 жылы жобаға қатысушы 62 мектепте 2374 жаңа, заманауи кабинет пайда болды. Оның ішінде: 1644 оқу, 352 әкімшілік, 259 қосымша және 119 жалпы білім беру кабинеті бар. Сондай-ақ әр мектепте балаларға арналған интеллектуалды ойын алаңдары құрылды. Қажет құрал-жабдықтардың бәрі «Қазақстан халқына» қорының қаражатына алынды.
Жоба 2024 жылы да жалғасын табады.