Aitas Agro холдингі білім саласындағы цифрлы технологияларға арналған EdCrunch жаһандық конференциясында Agrisen жобасын іске қосқанын мәлімдеді. Қазақстанның аграрлық секторында сапалы адами капиталды қалыптастыруды көздейтін жоба ауыл шаруашылығы саласындағы бизнесті, білім мекемелері мен халықаралық сарапшыларды біріктіріп отыр.
Aitas Agro стратегия және маркетинг жөніндегі директоры Әлия Сванованың айтуынша, жобаның басты мақсаты – фермерлердің білікті кадрларға деген қажеттілігін қамтамасыз ету үшін аграрлық университеттер мен колледждерде берілетін білім арасындағы алшақтықты азайту.

«Заманауи ауыл шаруалығы жоғары технологиялық сала болса да, білім беру бұрынғыша қалып отыр. Мысалы, бірде-бір жерде цифрлық ауыл шаруашылығын үйретпейді. Сондықтан біз халықаралық серіктестермен байланыс орнаттық. Олардың қатарында Францияның Ауыл шаруашылығы министрлігі мен канадалық Саскачевандағы Политехникалық университет бар. Серіктестеріміз қазақстандық аграрлық жас кадрларға заманауи білім беруге дайын», — деді Әлия Сванова конференция барысында.
Жобаның алғашқы қатысушылары – Шемонаиха колледжінің (ШҚО) соңғы курсында оқитын студенттер. Оқу бағдарламасының негізгі модуліне цифрлық агро пәндері, яғни Farm Management System, IoT & метеостанциялар, жер өңдеу және data менеджмент кіреді.
Келесі модуль инженерияға, яғни «ақылды» техникалық қызмет көрсету негіздеріне, автопилоттар мен навигацияға арналған.
Келесі модуль инженерияға, яғни «ақылды» техникалық қызмет көрсету негіздеріне, автопилоттар мен навигацияға арналған.
«26 болашақ механизатор заманауи трактор мен басқа да негізгі цифрлық құрылғылар туралы ақпарат алды. Сонымен қатар олар алған білімдерін іс жүзінде де байқап көрді», — дейді Әлия.
Оқу барысында жоба қатысушыларына заманауи агроөндірістік кешен қажет ететін әмбебап дағдылар (soft skills) туралы мәлімет те берілді. Жобаның тағы бір ерекшелігі — бизнес орындарына жұмысқа тұру және тағылымдамадан өту мүмкіндігі.
Aitas Argo ұжымы Agrisen білім жобасының отандық ауыл шаруашылығына тың серпін беретініне сенімді.
Aitas Argo ұжымы Agrisen білім жобасының отандық ауыл шаруашылығына тың серпін беретініне сенімді.