9 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылындағы №2 орта мектепте «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» жобасы «Ашық есік күні» форматында таныстырылды.
Облыс орталығы – Петропавл қаласынан 340 км шалғай жатқан Кішкенекөл ауылындағы білім ордасы 1986 жылы салынған. Мектеп жанында интернат бар. Ғимаратқа жөндеу жүргізілмеген, тек 2019 жылы пластик терезелер қойылған. 71 мұғалім қазақ, орыс тілдерінде сабақ береді. 900 балаға шақталған мектепте бүгінде 516 оқушы білім алып жатыр.
Облыс орталығы – Петропавл қаласынан 340 км шалғай жатқан Кішкенекөл ауылындағы білім ордасы 1986 жылы салынған. Мектеп жанында интернат бар. Ғимаратқа жөндеу жүргізілмеген, тек 2019 жылы пластик терезелер қойылған. 71 мұғалім қазақ, орыс тілдерінде сабақ береді. 900 балаға шақталған мектепте бүгінде 516 оқушы білім алып жатыр.
Мектеп мұғалімдерін дайындау мәселесіне келсек, 2022 жылғы 31 қазан мен 1 қараша аралығында Көкшетаудағы НЗМ-де «Оқушылардың функционал сауатын қалыптастыру» тақырыбында барлық пән мұғалімдеріне арналған 2 күндік офлайн оқыту курсы өткізілді. Республикалық «Білім беру бағдарламалары орталығы» (Астана қ.) тренерлері мен Көкшетау НЗМ оқытушы-тренерлері пән мұғалімдеріне мектеп бағдарламасындағы 14 пән бойынша курс жүргізді.
2022 жылғы 21–22 қазанда мектеп директоры «Оқыту, тәрбиелеу, жақсы көру: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАР ЖЫЛЫ» НЗМ халықаралық конференциясына шақырылды. Ал 23-24 қарашада кәсіптік бағдар беру бойынша директордың орынбасары білім беру саласы бойынша халықаралық конференция – ЕdCrunch-қа қатысты. Конференцияға қатысу билетін Aitas KZ компаниясы сатып алып берді.
Педагогтерге арналған НЗМ, БББО, ПШО тренерлерінің көмегімен өткізілетін қарқынды оқыту бағдарламасы 2023 жылғы ақпанға дейін жалғасады. Дегенмен қарқынды оқыту бағдарламасы аяқталғаннан кейін мектеп 2025 жылға дейін үшжылдық әдістемелік қолдауға көшеді.
Педагогтерге арналған НЗМ, БББО, ПШО тренерлерінің көмегімен өткізілетін қарқынды оқыту бағдарламасы 2023 жылғы ақпанға дейін жалғасады. Дегенмен қарқынды оқыту бағдарламасы аяқталғаннан кейін мектеп 2025 жылға дейін үшжылдық әдістемелік қолдауға көшеді.
Кішкенекөл мектебінде 22 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан Құралай Сүлейменова мектептегі өзгерістерге барлық мұғалімнің қуанышты екенін жеткізді. «Мектебіміздің жаңа белеске шығуы қуантады. Сабаққа қажет көрнекілік санында шек жоқ. Бастауыш кластарда көрнекіліктің маңызы зор. Осы жаңалық жұмысымыздың өнімді болуына үлес қосады деп сенемін. Әрине, білім жолы – ауыр жол. Дегенмен бұл өзгеріс жолымызды жеңілдете түседі деген тілегіміз бар», - деді білікті ұстаз.
Оқыту бағдарламаларын жоба серіктесі – «НЗМ» ААҚ ақысыз өткізетінін еске сала кеткен жөн. Ал барлық операциялық, әкімшілік шығынды жоба операторы – Білім беруді тұрақты дамыту қоры AITAS холдингінің демеушілік қаражатымен өтейді.
Жиын барысында сөз алған Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының басшысы Нәзір Жашибеков білім саласындағы мәселелерге тоқтала келе, аталған мектепті таңдау себебін түсіндірді.
«Бізге Білім беруді тұрақты дамыту қоры мектеп модернизациясы мен білім беру сапасын арттыру бойынша жоба ұсынды. Еліміздегі білім беру саласында екі үлкен мәселе бар. Алғашқысы – аймақтық ерекшелік, алшақтық болса, екіншісі – қала мен ауыл мектептерінің арасындағы алшақтық. Бұған, әрине, себеп көп. Оны өткен тарихпен, қазіргі кезде урбанизациямен байланыстыра аламыз. Білім беруді тұрақты дамыту қоры мектепті тек материалдық тұрғыда емес, әдістемелік тұрғыда да қолдайтынын айтты. Бұл жерде рухани қолдау барын, қызметкерлер мен оқушыларды жігерлендіру де барын айта кеткен жөн. Қордағы әріптестермен бірге осы Кішкенекөлдегі мектепті таңдадық. Өйткені бұл – облыстағы ең шалғай жатқан ауыл. Осылайша, ауылдың дамуына күш беріп, халықтың қайта алға басуына жағдай жасағымыз келді. Жаңа құрылғылар, дұрыс таңдалған әдістеменің нәтижесін көріп отырмыз. Ендігі кезекте білікті мұғалімдердің көмегімен оқушыларға келешекте өз орнын табуға жол ашамыз деп сенеміз», – деді Білім басқармасы басшысы.
Жоба аясында мектептің материалдық базасы да толықтай жаңартылады. Яғни мектептегі 34 оқу кабинеті мен қосымша білім беру шеберлік сыныптары толықтай жабдықталады. Бұның барлығы «Қазақстан Халқына» қорының 249 825 000 теңге көлеміндегі демеушілік қаражатына алынады.
Жеке пән кабинеттерімен қатар қосымша білім кабинеттері: STEM лаборатория, АРТ-студия, Интеллектум кабинеті, шеберлік кабинеттері мен кітапхана да керек-жарақпен қамтылады. Сонымен бірге мектеп телестудиясы да жасақталады. Бұл келешекте мектеп тәжірибесін аудандағы шағын комплектілі мектептерге көрсету мүмкіндігін береді.
Білім беруді тұрақты дамыту қорының жоба менеджері Аслан Айтахметовтың айтуынша, 2019 жылы жобаға Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарынан 5 мектепті алынған. «Жұмыс барысында 2022 жылға қарай оң өзгеріс барын, мектеп жақсы нәтиже көрсетіп жатқанын түсіндік. Үш жылдың ішінде мектептердегі оқу сапасы жалпы алғанда 10-12 пайызға артты. «Қазақстан Халқына» қорымен бірлесіп 2022 жылы жобаға тағы 17 мектеп қосып, жалпыұлттық жобаға айналдырдық. «Қазақстан Халқына» қоры, Beeline компаниясы сынды серіктестеріміздің қолдауымен әр мектепке шамамен 250 млн теңге қаржы бөлінді. Бұл қаражатқа мектептің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. AITAS холдингі жобаның операциялық, мұғалімдерді оқытуға кеткен, тренерлердің жолға кететін шығынын өтейді. «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» мұғалімдерді оқытып, қайта даярлағаны үшін ақы алмайтынын айтып өткіміз келеді», – деді жоба ұйымдастырушылары.
Жобаның аралық қорытындысымен танысуға аудан тұрғындары, жергілікті атқарушы билік өкілдері, БАҚ өкілдері мен жоба серіктестері, демеушілері қатысты. Іс-шарада оқыту бағдарламасының нәтижесі айтылып, мектептің жаңарған материалдық базасы көрсетілді. Келушілер мектеп мұғалімдері, оқушылармен тілдесіп, мектептегі өзгерістермен танысты.