"Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту" жобасына қатысушы мектептердің технология мұғалімдері тігін бұйымдарын компьютерлік жобалау бойынша САПР Грация курсынан өтеді.
Бағдарламалық жобаны жасаушылар мұғалімдерге арнайы оқу материалдарын ұсынады. Олар: САПР Грация бойынша бейне презентация, "киімді жобалаудың жаңа деңгейі" вебинары, "Грациямен жұмыс бастау" бейне-нұсқаулығы, 401 нұсқа бойынша өзін-өзі оқыту оқулығы. Курс кезінде қатысушылар туындаған мәселелерін әзірлеушілермен WhatsApp чатында, ал курс аяқталғаннан кейін онлайн-кездесуде талқылай алады.
Курстан өткендерге Kazdidac пен бағдарламалық жоба ұйымдастырушылары сертификат сыйлайды. Сонымен қатар Грация сертификатын алуға мүмкіндік бар.
Оған қатысу үшін centr.kazdidac@gmail.com поштасына өтінім толтырып жіберу керек.
Курс 18 наурызда басталып, 8 сәуірде аяқталады.