Облыс әкімдігі мен Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының «Отпан» жобасы бастау алды. Жоба - 50 озық тірек мектептер желісін құруды көздейді.
Ақтауда аймақтық тамыз конференциясы аясында Отпан жобасы таныстырылды. Биыл алғаш бастау алған жобаға Бейнеу, Мұнайлы, Маңғыстау, Түпқараған, Қарақия аудандары, Жаңаөзен мен Ақтау қаласынан барлығы 50 мектеп қатысады.