Жаңалықтар ФУРО

Тірек мектептердің директорлары 2023 жылдың аралық қорытындысын шығарды

«Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасын аясында мұғалімдердің біліктілігін арттыру мәселелері бойынша тірек мектеп директорларымен алғашқы семинар-кеңес өтті.
Жиын барысында тірек мектептердің директорлары 2023 жылдың аралық қорытындысын шығарып, мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру жоспарларына тоқталды.
Сонымен қатар, 2024 жылға арналған республикалық бюджетте қарастырылған курстардың тақырыптары және басқа да ақылы курстар бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБО өкілдері сөз сөйледі.
Соңында Орал қаласының Зияткерлік мектебінің директоры «Педагогтардың біліктілігін арттыру жоспарын қалай дайындау керек» тақырыбында баяндама жасады.
Семинар онлайн форматта өтті.