Жаңалықтар ФУРО

Жаңарған Ертіс орта мектебі!

Тамаша жаңалығымызды жеткізе отырайық: Ертіс ауылындағы №4 орта білім беру мектебінде «Ауылдық жердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасының аралық нәтижесі таныстырылды!

Шараға жоба демеушілері «Қазақстан халқына» қоры мен Aitas холдингінің, жобаның бас серіктесі НЗМ өкілдері, Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қорының басшысы Ксения Верба, Ертіс ауданының әкімі Болатбек Шәріпов, білім басқармасы бастығының орынбасары Роза Ақанова, аймақтық және облыстық БАҚ пен белсенді азаматтар қатысты.

«Ауылдық жердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасының негізгі міндеті – НЗМ әдістемесін және тәжірибесін енгізу арқылы ауыл мектептеріндегі білім сапасының деңгейін көтеру.

«Бұл мектептің ұстаздары Семей қаласында өткен үшкүндік курсқа қатысты. Бұдан бөлек, №4 орта білім беру мектебі мұғалімдерін Павлодардағы НЗМ аясында тағылымдамадан өткізетін жоба басталды», — дейді Данияр Тоқтарбаев.

Екі-ақ ай уақыт ішінде жоба аясында мектептің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Нақты айтқанда, 34 кабинет жаңаша өзгеріп, STEM-зертхана, арт-студия, хореография залы пайда болды, тіпті мектеп телестудиясы ашылды. Осы мақсатта жоба демеушілерінің бірі «Қазақстан халқына» қоры 249 825 000 теңге бөлді.


«Бүкіл республика бойынша ауылдық аймақтарды 17 тірек мектепті жабдықтаймыз деп отырмыз. Олар кейін жақын орналасқан шағын жинақты мектептерге қолдау көрсетіп, дамуына үлес қоса алады. Мақсатымыз – ауыл мектебін білім алу, тұлға ретінде қалыптасу жолында жайлы, ыңғайлы және қолжетімді ету», – деді «Қазақстан халқына» қорының ресми өкілі Диас Бейсенбек.

Білім беруді тұрақты дамыту қорының басшысы Данияр Тоқтарбаев демеушілер мен серіктестерге бірлесіп атқарған іс және жобаға деген сенімі үшін алғыс білдірді.