Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасына қатысушы тірек мектептер арасында бейнероликтер байқауын жариялады.
Бейнеролик тақырыптары:
• Менің жетістіктерім – оқушылардың мектептегі, сондай-ақ сыныптан тыс жұмыстар мен жобалардағы жеке жетістіктерін баяндайтын бейнелер. Қатысушылар мұнда болашақ жоспарларымен бөлісіп және ол мақсаттарға жету үшін мектеп қалай ықпал етіп жатқанын айта алады.
• Мен және ғылым – оқушылардың ғылыми жобалары мен тәжірибелерін, олардың ғылыми іс-шараларға қатысуы мен сол салаға деген қызығушылықтарын әңгімелейтін бейнероликтер. Бұл роликте қатысушы ғылымның өмір мен оқудағы маңызын немесе өз болашағын ғылымның қай саласында көретінін әңгімелей алады.
• Менің сыныбым, менің мектебім – күнделікті мектептегі өмірді, мұғалімдермен және сыныптастармен қарым-қатынасты көрсететін бейнежазбалар. Оқушылар өз сыныбының ерекшелігін, мектепте қандай қызықты жобалар мен іс-шаралар өтетіні туралы айтса болады.
• Мектеп – ауыл негізі – мектептің ауыл тұрғындарымен оқушыларды, мұғалімдер мен ата-аналарды қалай біріктіріп, бірлік пен ынтымақтың ұйытқысы болатынын баяндайтын бейнероликтер. Мұнда мектептің қатысуымен ауылда өткен маңызды жобалар мен ұтымды бастамалар туралы әңгімелер айтылуы мүмкін.
Байқау шарттары:
1.Қатысушылар әр тақырып бойынша ұзақтығы 2 минуттан аспайтын бейнеролик дайындауы керек (1-ден 4 тақырыпқа дейін таңдай алады).
2.Бейнероликте аты-жөні жазылған кемінде 3 кейіпкер болуы тиіс.
3.Бейнежазба мектептің ресми Instagram парақшасында пост ретінде жариялануы керек.
4.Постта #tirekmektep #ауылмектебі және #опорнаяшкола хэштегтерімен қатар, @qazaqstanhalqyna.kz және @furo.kz ресми парақшалары белгіленуі қажет.
Бағалау талаптары:
• Бейнероликтің тақырыпқа сәйкестігі.
• Материалдағы креативті көзқарас мен шығармашылық шешім.
• Бейнежазба мен монтаж сапасы.
• Ұсынылған материалдың мазмұны.
Байқау жұмыстарын бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы кәсіби сарапшылардан құралған қазылар алқасы бағалап, жеңімпаздарды анықтайды.
Өткізу мерзімі:
• Бейнероликтерді қабылдаудың басы: 1 маусым 2024 ж.
• Видеороликтерді қабылдаудың соңы: 15 маусым 2024 ж.
Сыйлықтар мен марапаттар:
• Жеңімпаздар марапаттауға қатысу үшін Астанаға шақырылады (2024 ж.қазан айы)
Ақпараттық байланыс:
• Конкурсқа байланысты сұрақтарды қабылдайтын электрондық пошта: sabyrzhan.kengshilik@furst.kz
• Жауапты тұлға: Сабыржан Бауыржанұлы +7 776 460 28 43