Тірек мектептерге арналған бейнероликтер байқауы жарияланды
Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасына қатысушы тірек мектептер арасында бейнероликтер байқауын жариялады.
Бейнеролик тақырыптары: • Менің жетістіктерім – оқушылардың мектептегі, сондай-ақ сыныптан тыс жұмыстар мен жобалардағы жеке жетістіктерін баяндайтын бейнелер. Қатысушылар мұнда болашақ жоспарларымен бөлісіп және ол мақсаттарға жету үшін мектеп қалай ықпал етіп жатқанын айта алады.
• Мен және ғылым – оқушылардың ғылыми жобалары мен тәжірибелерін, олардың ғылыми іс-шараларға қатысуы мен сол салаға деген қызығушылықтарын әңгімелейтін бейнероликтер. Бұл роликте қатысушы ғылымның өмір мен оқудағы маңызын немесе өз болашағын ғылымның қай саласында көретінін әңгімелей алады.
• Менің сыныбым, менің мектебім – күнделікті мектептегі өмірді, мұғалімдермен және сыныптастармен қарым-қатынасты көрсететін бейнежазбалар. Оқушылар өз сыныбының ерекшелігін, мектепте қандай қызықты жобалар мен іс-шаралар өтетіні туралы айтса болады.
• Мектеп – ауыл негізі – мектептің ауыл тұрғындарымен оқушыларды, мұғалімдер мен ата-аналарды қалай біріктіріп, бірлік пен ынтымақтың ұйытқысы болатынын баяндайтын бейнероликтер. Мұнда мектептің қатысуымен ауылда өткен маңызды жобалар мен ұтымды бастамалар туралы әңгімелер айтылуы мүмкін.
Байқау шарттары: 1.Қатысушылар әр тақырып бойынша ұзақтығы 2 минуттан аспайтын бейнеролик дайындауы керек (1-ден 4 тақырыпқа дейін таңдай алады). 2.Бейнероликте аты-жөні жазылған кемінде 3 кейіпкер болуы тиіс. 3.Бейнежазба мектептің ресми Instagram парақшасында пост ретінде жариялануы керек. 4.Постта #tirekmektep #ауылмектебі және #опорнаяшкола хэштегтерімен қатар, @qazaqstanhalqyna.kz және @furo.kz ресми парақшалары белгіленуі қажет.
Бағалау талаптары: • Бейнероликтің тақырыпқа сәйкестігі. • Материалдағы креативті көзқарас мен шығармашылық шешім. • Бейнежазба мен монтаж сапасы. • Ұсынылған материалдың мазмұны.
Байқау жұмыстарын бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы кәсіби сарапшылардан құралған қазылар алқасы бағалап, жеңімпаздарды анықтайды.
Өткізу мерзімі: • Бейнероликтерді қабылдаудың басы: 1 маусым 2024 ж. • Видеороликтерді қабылдаудың соңы: 15 маусым 2024 ж.
Сыйлықтар мен марапаттар: • Жеңімпаздар марапаттауға қатысу үшін Астанаға шақырылады (2024 ж.қазан айы)
Ақпараттық байланыс:
• Конкурсқа байланысты сұрақтарды қабылдайтын электрондық пошта: sabyrzhan.kengshilik@furst.kz • Жауапты тұлға: Сабыржан Бауыржанұлы +7 776 460 28 43