«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Педагогикалық өлшеулер орталығы» «Рowered by NIS ауылдық мектептері» жобасына қатысатын бес ауылдық мектептің 4, 8-сыныптарының 629 оқушысының оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізеді.
4-сынып оқушыларының мониторингі «Математика», «Жаратылыстану және дүниетану», «Қазақ/Орыс тілі (Я1)», ал 8-сынып оқушылары үшін «Математика», «Қазақ/Орыс тілі (Я1)», «Қазақ/Орыс тілі (Я2)», «Ағылшын тілі», «Биология», «Физика», «Химия» пәндері бойынша жүргізіледі. Тест тапсырмаларын Педагогикалық өлшеулер орталығының сарапшылары жасайды және сараптамадан өткізеді. Әр пән бойынша тестілеудің ұзақтығы –40 минут.
Ауылдық мектептердің 4, 8-сынып оқушыларының оқу жетістіктерінің мониторингі 2023 жылғы 24-28 сәуір аралығында онлайн-форматта жүргізіледі.
Қолданылатын тапсырмалар оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін ғана емес, сонымен қатар жоғары дәрежелі дағдыларды (талдау, синтез және бағалау), оқу сауаттылығын (тілдік пәндер бойынша) бағалауға мүмкіндік береді.