4-сынып оқушыларының мониторингі «Математика», «Жаратылыстану және дүниетану», «Қазақ/Орыс тілі (Я1)», ал 8-сынып оқушылары үшін «Математика», «Қазақ/Орыс тілі (Я1)», «Қазақ/Орыс тілі (Я2)», «Ағылшын тілі», «Биология», «Физика», «Химия» пәндері бойынша жүргізіледі. Тест тапсырмаларын Педагогикалық өлшеулер орталығының сарапшылары жасайды және сараптамадан өткізеді. Әр пән бойынша тестілеудің ұзақтығы –40 минут.