Бүгін Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры өкілдері мен “Қазақстан халқына” ҚҚ білім беру жөніндегі сарапшылар комитетінің мүшелері Қарағанды облысы, Осакаров ауданындағы Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектепке барып қайтты.
Сапар барысында FURO жоба менеджері Аслан Айтахметов «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында атқарылған жұмыс нәтижелеріне тоқталды. Ал мектеп директоры Мара Ақмағамбетова сарапшылар комитетінің мүшелеріне жаңадан жабдықталған заманауи кабинеттер мен зертханаларды таныстырып, мектептің оқу жетістіктерін ортаға салды.