Бүгін V Көшпенділер ойындары аясында Астанадағы этноауылда Еділ Құсайынов пен Катонқарағайдағы Рыков пен Ластаев мектептерінің оқушылары өнер көрсетті.
Қазақ көне аспаптары мен көмей дауыс көпшілікті сүйсіндірді. Оқушылар сазсырнай, сыбызғы мен қамыс-сырнай дауысымен жиналған жұртқа Көне Алтайдың үнін естіртті.
Еділ Құсайынов – төменгі және жоғары дыбыста көмеймен шырқай алатын орындаушы.
Еділ Құсайынов – төменгі және жоғары дыбыста көмеймен шырқай алатын орындаушы.
Сондай-ақ ол жетіген, сыбызғы, сазсырнай, қамыс сырнай, қауырсын сырнай, шаңқобыз сияқты көне қазақ музыкалық аспаптарында ойнайды. Еуропа мен Азиядағы көптеген халықаралық фестивальге қатысқан сазгердің концерттері Карнеги холл (Нью-Йорк), Кеннеди орталығы (Вашингтон), ЮНЕСКО залы (Париж), Альберт холл (Лондон) сияқты әйгілі залдарда өтіп жүр. Еділ Құсайыновтың шығармашылығы – этникалық және заманауи музыка мотивтерінің үздік үлгісі.