Жаңалықтар ФУРО

«Жоба аясындағы ТОП 5 жетістік» байқауының жеңімпаздары анықталды

16 мамыр-7 маусым аралығындағы тірек мектептерге арналған «Жоба аясындағы ТОП 5 жетістік» байқауы өз мәресіне жетті.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі 1-орынға Абай облысы, Жарма ауданы, Маяковский атындағы орта мектеп ие болды.

2-орынды Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Садық Әбдіжаббаров атындағы мектеп-интернаты еншіледі.

Ал 3-орынға Абай облысы, Аягөз қалалық көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясы табан тіреді.

Байқау “Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ мен Білім беру саласын тұрақты дамыту қорынының «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында өтті.

Ондағы басты міндет – 2023-2024 оқу жылындағы жоба қорытындысына рефлексия жасау.
2024-06-19 11:50