Жетісу облысы, Кербұлақ ауданындағы Қоғалы тірек мектебінің командасы республикалық Solve for Tomorrow байқауында 670 қатысушы арасынан 35-інші болып жартылай финалға өтті.
Kogaly robotics командасының жетекшісі Қуаныш Серікұлы конкурс туралы ақпан айында естіген бойда оқушылармен қызу жұмысқа кіріскенін айтады.
Kogaly robotics командасының жетекшісі Қуаныш Серікұлы конкурс туралы ақпан айында естіген бойда оқушылармен қызу жұмысқа кіріскенін айтады.
«Біз 10 күн ішінде төтенше жағдайларға төтеп беретін Frank 0.1 роботын құрастырып шықтық. Бұл көпфункционалды робот апат кезінде жол таңдамай жүріп, адамдарға дәрі-дәрмек, өрт сөндіргіш баллон сияқты алғашқы көмек құралдарын апарып береді. Байқауға роботымызды видеоға түсіріп жіберген едік. Нәтижесін естіп қуанып отырмыз», – дейді Қуаныш Серікұлы.
Қазір команда құрамындағы 8,9,10 сынып оқушылары Мирас Нұрмұханбет, Мирас Өтеген, Мейірлан Баймұханбет, Азамат Әділханұлы 15 маусым күні Алматыда өтетін менторлық сессияға дайындалып жатыр. Ал байқау финалы 30 қыркүйекте болады.
Solve for Tomorrow – орта және жоғары сынып оқушыларына арналған, Samsung бастамасымен өтіп жатқан әлеуметтік жобалар конкурсы.
Бұл республикалық байқау болашақ көшбасшылардың ғылым, технология, инженерлік іс пен математика саласындағы шығармашылық дағдыларын дамытуға көмектеседі.
Бұл республикалық байқау болашақ көшбасшылардың ғылым, технология, инженерлік іс пен математика саласындағы шығармашылық дағдыларын дамытуға көмектеседі.