Жаңалықтар ФУРО

RoboLand-2024 фестивалінде Абай облысының оқушылары жүлделі болды

Абай облысы, Аягөз ауданындағы «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясының» 10 сынып оқушылары Бақытжан Бауыржанұлы, Ислам Мейрамбекұлы ІХ Халықаралық RoboLand-2024 фестивалінде ІІ орын алды.

«Су роботтарының лабиринті»(14-19жас) санаты бойынша үздік нәтиже көрсеткен жас таланттар кубок, дипломмен қатар, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздардың жетекшісі – информатика пәнінің мұғалімі Мақсат Әбділов.

Финалдық жарысқа қатысқан жүлдегерлердің барлығына Оқу-ағарту министрінің дипломы табыс етілді.