Жаңалықтар ФУРО

Шығыс Қазақстанның 3 мектебі 68 миллион теңге грант жеңіп алды

Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Орта білім беретін үздік ұйым» байқауы өтті. Байқауда жергілікті бюджеттен бөлінген 68 млн. теңге грантты облыс бойынша жоғары көрсеткіш көрсеткен 3 білім беру мекемесі жеңіп алды.
Олар:
Абай атындағы орта мектеп, Тарбағатай ауданы (280 балл) – (29 млн.т.);
Өрел орта мектебі, Катонқарағай ауданы (275 балл) – (24 млн.т.);
№1 Марқакөл орта мектебі,Күршім ауданы (271 балл) – (15 млн.т.).
Бұл мектептердің барлығы – Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры жобаларының қатысушылары.
2 кезеңнен тұрған байқау соңында аталған ұйым басшыларына арнайы диплом мен сертификаттар табыс етілді.
2024-06-13 17:00