Жаңалықтар ФУРО

Батыс Қазақстан облысындағы жобаның презентациясы

20 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөрлі ауданының білім бөлімінің Ақсай қаласының № 5 жалпы білім беретін мектебінің қабырғасында «Қазақстан Халқына» қоры мен «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» тұрақты білім беруді дамыту қорының бірлескен жобасы таныстырылды.

«Жоба маңызды бес міндетті орындайды. Бұл Ең алдымен, ауыл мектептеріндегі сабақ беру тәсілін жетілдіру, одан кейін материалдық-техникалық базаны жақсарту, Ақтөбе өңірлеріне тірек мектеп ретінде тәжірибемен бөлісу. Төртінші мектепті ауыл орталығы-қауымдастығы ретінде қалыптастыру. Бесіншісі елімізде құндылықтардың дұрыс бағытта өрбуін қамтамасыз ету», – дейді Білім беруді тұрақты дамыту қорының директоры Данияр Тоқтарбаев.

Жоба білім беру сапасын арттыруға, үздік педагогикалық тәжірибелер мен әдістемелерді енгізуге және тірек мектептерді қажетті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етуге бағытталған.
Мектепте 35 оқу кабинеті мен қосымша білім беру шеберханалары жабдықталған.


Сонымен қатар балалардың академиялық және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін заманауи мектеп шеберханалары орнатылды, робототехника және информатика кабинеттері, Intellectum холл, STEM-зертхана, ART-студия, тіпті өзінің телестудиясы іске қосылды. Мектептің кітапханасы мұғалімдер, оқушылар және тіпті ата-аналар үшін қосымша білім беретін ресурстық алаңға айналды.

«Қазақстан Халқына» қоры аясында 249,8 млн теңгеге жуық қаржыландыру жүзеге асырылды.


«Бүгінде ауылдық және қалалық мектептер арасында алшақтық байқалады. Білім беру сапасы, әсіресе, ауылды жерде төмендеп келеді. Бұл мәселені жүйелі және кешенді шешу үшін «Қазақстан халқына»  қоры серіктестермен бірлесе ауылдық тірек мектептерді дамыту туралы шешім қабылдап, олардың іс жүзінде құзыреттілік орталықтарына айналып, басқа мектептердегі оқыту сапасын арттыруға ықпал етуі керек. «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» бағдарламасы аясында біз 17 ауылдық тірек мектептерді жабдықтаймыз және оларға әдістемелік қолдау көрсетеміз. Бүгінгі таңда өңірлерде 10  мектеп жарақтандырылды. Осылайша ол оқу орындарындағы білім мен дағдылар жақын маңдағы шағын комплектілі мектептерге бағытталады. Өйткені, бұл мектептерде материалдық-техникалық база мен кадр мәселесі өте өзекті», - деп атап өтті «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ жобалау командасы тірек мектептің педагогтарын барынша әдістемелік тұрғыда қолдауды ғылыми-әдістемелік және сараптамалық сүйемелдеу арқылы тікелей жүргізеді.
Айта кету керек, ФМБ Зияткерлік мектебінің алаңында мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі үшін пәндік тағылымдамалар өткізілді. Бүкіл процесс семинарлар, вебинарлар, тағылымдамалар, шеберлік сыныптар мен практикумдар түріндегі әдістемемен сүйемелденеді, сабақтың тиімділігі үшін цифрлық және білім беру ресурстарын енгіземіз. Педагогтар мен мектепті әдістемелік сүйемелдеу 2025 жылға дейін жалғасады.