“Ресми статистика бойынша, Қазақстандағы мектептердің 70% - ы ауылда орналасқан. Демек, еліміздегі оқушылардың көбі ауыл мектептерінде оқиды. Қаладағы балалар заманауи білім беру технологияларын қолдана алады. Ал көптеген ауыл мектептерінде ондай мүмкіндік жоқ. Бұл әлеуметтік теңсіздікті арттырып, талантты балалардың мүмкіндіктерін шектейді. Сондай-ақ білікті мұғалімдердің жетіспеушілігі де – басты мәселелердің бірі. Біз жаңа фильмімізде осы тақырыптарды көтердік”, – дейді Ринат Балғабаев.