Жаңалықтар ФУРО

«Білім берудегі менеджменттің заманауи тенденциялары» конференциясы өтеді

Сәуірдің 25-27 аралығында STEM Academia Астана қаласында«Білім берудегі менеджменттің заманауи тенденциялары» конференциясын өткізеді.

Конференция ауыл мектебіндегі білім сапасы, заманауи технологиялар мен менеджмент, эмоционалды интеллект, көшбасшылық тақырыптарын талқылауға арналады.

Оған Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының мониторинг менеджері Сабыржан Кеңшілік, “Қамқоршылар кеңесінің” төрайымы Күләш Ноғатайқызымен қатар, білім саласынындағы сарапшы мамандар, мектеп директорлары мен мұғалімдер қатысады.