Эгалитарлық білім: Астанадағы тірек мектептер директорларының кеңесі
NIS тәжірибесін тарату департаменті Астанада 5 өңірден келген тірек мектептерінің директорлары үшін аймақтық кеңес өткізді. Эгалитарлық білім беру тірек мектептерге арналған семинардың миссиясы.
«Эгалитарлық білім – бұл әлеуметтік, экономикалық немесе мәдени шығу тегіне қарамастан барлық оқушыға тең мүмкіндіктер беруге бағытталған білім беру жүйесіндегі тәсіл».
Астанада 65 қатысушы бас қосып, оның ішінде әдістемелік кабинеттердің өкілдері, мұғалімдер мен мектеп директорлары жиналды.
Қатысушылар педагогтерді қолдауды, оқушылардың жетістіктеріне мониторинг жүргізуді және заманауи жабдықтармен жұмыс істеуді талқылады. Мектеп басшылары әдістемелік көмек берудің білім сапасын жақсартатынын атап өтіп, магниттік мектептермен жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Барлық қатысушы жобаны әрі қарай жақсарту және оқыту бойынша өз ұсыныстарын айтты.