Қызылорда облысы, Арал қаласындағы Ж. Әбдірашев ат. №62 мектебі былтыр «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасының қатысушылары қатарына қосылған.
Оқу орнының биыл 33 кабинеті мен қосымша білім беруге арналған шеберлік сыныптар толық жаблықталды. Осының арқасында оқушылар теориялық білімдерін толықтай тәжірибе жүзінде іске асыруға мүмкіндік алды.
Ал өткен сәуірдің 13-і Аралдағы мектепке Қызылорда қаласының Назарбаев зияткерлі мектебі мұғалімдері келіп, қарқынды оқыту бағдарламасы аясында кезекті оқыту шараларын ұйымдастырды.
Бұл жолы зияткерлік мектептің бір топ педагогтері аралдық әріптестерінің сабақтарына қатысу арқылы білім беру үдерісін бақылап, дамыту бойынша кеңестерін берді.
Мұғалімдердің оқыту ерекшеліктерін саралап, тиімді және тиімсіз тұстарын бірге анықтады. Сондай-ақ сабақты түрлендіру, белсенді әдіс-тәсілдерді пайдалану бойынша қиындықтарын байқап, шешу жолдарын ұсынды. Ал түстен кейін «Заманауи оқыту әдістерін қолдану арқылы сабақты жоспарлау», «Оқушыларды стартап және ғылыми жобаға дайындау», «Эссе құрылымына талдау жасау», «Критериалды бағалау және апробация үдерісі», «Бағалау түрлері мен оның оқытудағы маңызы», «STEAM оқыту технологиясын тиімді қолдану», «Сабақ барысында проблемалық оқыту әдістері арқылы оқушылардың тұжырымдау және бағалау дағдыларын дамыту», «Іс-әрекетті зерттеу мен сабақты зерттеу» сынды тақырыптар бойынша тренингтер өткізілді.

«Барлық ұстаздарға зерттеу жұмысын қалай және не үшін жүргізу керектігі туралы пікірлестік. Зерттеудің сатылары, әр сатыдағы іс-қимылдар, олардың маңыздылығы практика жүзінде көрсетілді. Мұғалімдер топқа бөлініп өз сыныптарындағы проблемаларды анықтап, оларға зерттеу сұрағын құрып, шешуге арналған сабақ жоспарының жобаларын жасады», – дейді NIS ағылшын тілі пәні мұғалімі Ақбота Мамадияр.
Айта кетейік, «Ауылдық аймақтағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру жобасы «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры мен Білім беруді тұрақты дамыту қоры бірлесіп атқаруда. Оқыту бағдарламаларын «Назарбаев Зиякерлік Мектептері» ақысыз өткізеді. Ал барлық операциялық, әкімшілік шығынды жоба операторы – Білім беруді тұрақты дамыту қоры AITAS холдингінің демеушілік қаражатына өтейді.