
Жобаның арқасында мектепте барлық оқу кабинеттері (24 сынып) және қосымша білім беру шеберханалары жабдықталды. Сонымен қатар, мектепте STEM зертханасы, арт-студия, шеберханалар секілді қосымша білім беру кабинеттері жабдықталды және тәжірибені ауданның магниттік мектептеріне таратуға негіз болатын телестудия орнатылды. Жаңарту «Қазақстан Халқына» қорының демеушілік қаражаты есебінен 249 825 000 теңгеге жүргізілді.

Ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту қорының директоры Ксения Верба таныстырылымда сөз сөйлеп, жобаның бірінші бөлімінің аяқталғанын атап өтті.


«Алдағы уақытта мектепте ұзақ мерзімді жобалар жүргізіледі деп болжап отырмыз, оның нәтижелерін біз 10 немесе тіпті 20 жылдан кейін көретін боламыз. Келесі кезеңде жобаның серіктесі «НЗМ» ДББҰ өзінің тәжірибесімен және жинақталған әдіснамасымен бөлісетін болады. Біз мектептің қауымдастық орталығы, ауыл өмірінің орталығына айналғанын қалаймыз. Сонда ғана біз Қазақстанда ауылдық аумақтардың дамуы жоғары деңгейде екеніне сенімді бола аламыз», – деп атап өтті Ксения Верба.
«Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы «Қазақстан Халқына» қорының арқасында жүзеге асырылып жатқанын атап өткім келеді. Біз таныстырылымның барлық қатысушыларына алғыс айта отырып, мектептің өркендеуі мен дамуына тілектеспіз!