17 мамырда Астанада «Қазақстан халқына» қоры ұйымдастырған «Білімді ұрпақ – білімді ел» білім беру конференциясы өтті.
«Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау саласындағы проблемаларды шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылды.
«Қазақстан халқына» қорының білім беру саласындағы қолдаған бастамаларының бірі «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы болды.
«Ауылдардағы балалардың қалалық мектептердегі балаларға қарағанда мүмкіндіктері аз, бұлай болмауы керек. Біздің Қор БТДҚ және НЗМ-мен бірлесіп, еліміздің 17 өңірінде 17 тірек мектепті дамыту жөніндегі жобаны іске асырып жатыр. Шын мәнінде біз осы мектептердің материалдық-техникалық базасын жасақтадық, барлық кабинеттерді толығымен жабдықтадық. Егер біз тірек мектептердің ауылдағы білім беру құзыретінің орталығына айналуын қаласақ, онда педагогтарды даярлап, барлық қажетті кабинеттерді жабдықтап, оқуға ыңғайлы болу үшін тиісті ортаны құруымыз қажет. Біз жобаның ауқымын кеңейтуге кірістік», – деді «Қазақстан халқына» қорының басшысы Болат Жәмішев.
«Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы 2022 жылы басталды. Ол ауылдық және қалалық мектептердің арасындағы білім беру алшақтығын қысқартуды мақсат етеді. Жобаның операторы – білім беруді тұрақты дамыту қоры (БТДҚ), демеушілері «Қазақстан халқына» қоры және AITAS холдингі. Жобаның бас серіктесі – академиялық бөлікті өзіне жүктеген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ.
«2019 жылы біз бес ауылдық мектепте білім беруді дамыту жобасын қолға алдық. Бұл біз еліміздің тұрақты дамуы үшін Қазақстан халқына қызмет етудегі жұмысымыздың негізіне қалаған біздің мақсатымызбен үндес. Білім беруді дамыту бойынша жобамызды «Қазақстан халқына» қоры қолдады. «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» – бұл қоғам, билік және бизнестің табысты және тиімді ынтымақтастығының таптырмас үлгісі», – деді AITAS Foundation басшысы Ксения Верба.
2022 жылы аталған жобаны іске асыру үшін «Қазақстан халқына» қоры 4,25 млрд теңге бөлді, олар тек мектептерді жарақтандыруға жұмсалды. Бірінші кезеңге Қазақстан облыстарының 17 ауданынан 17 мектептен – 602 кабинет қатысты. Әр мектепке жарақтандыру үшін орта есеппен 250 млн теңге бөлінді.
«Ауылдық жерлерде тірек мектептерді дамыту жобасының бірінші кезеңінде 13 мыңнан астам оқушы қамтылды. Бұл ауылдардан 13 мың бала кейде элиталық қалалық оқу орындарынан кем түспейтін мектептерде оқиды дегенді білдіреді. Ағымдағы жылы, екінші кезеңде «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасына 63 мектеп қатысады, бұл 45 мыңнан астам оқушы мен 80 мыңға жуық ата-ана деген сөз. Біздің жоба ұлттық мәртебеге еніп келеді. Бұл біздің халық пен қоғам алдындағы жауапкершілігімізді едәуір арттырады. Біз бұл жоба қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім деңгейіндегі алшақтықты едәуір азайтуға мүмкіндік бергеніне сенімдіміз», – дейді Тұрақты білім беру қорының директоры Данияр Тоқтарбаев.
Жалпы жобада алдағы жылдары 191 ауылдық мектепті қамту жоспарланып отыр.
Конференцияға онлайн режимінде 850-ге жуық қатысушы – облыстар мен Астана, республикалық маңызы бар қала әкімдерінің орынбасарлары, облыстық басқармалардың, аудандық білім бөлімдерінің басшылары, ЖОО ректорлары мен проректорлары, тірек және арнайы мектептердің ұжымдары қатысып жатыр.
«Қазақстан халқына» қоры 5 қайырымдылық бағдарламаны, оның ішінде «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту», «Арнайы мектеп білім беру ұйымдарын құру», «Білім беру гранттары», «Болашақ инженерлер», «Coursera қазақ тілінде» іске асырып жатыр. Бүгінге Қор білім беру саласында бекіткен қайырымдылық жобаларының бюджеті 37,5 млрд теңге.
Конференцияға онлайн режимінде 850-ге жуық қатысушы – облыстар мен Астана, республикалық маңызы бар қала әкімдерінің орынбасарлары, облыстық басқармалардың, аудандық білім бөлімдерінің басшылары, ЖОО ректорлары мен проректорлары, тірек және арнайы мектептердің ұжымдары қатысып жатыр.
«Қазақстан халқына» қоры 5 қайырымдылық бағдарламаны, оның ішінде «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту», «Арнайы мектеп білім беру ұйымдарын құру», «Білім беру гранттары», «Болашақ инженерлер», «Coursera қазақ тілінде» іске асырып жатыр. Бүгінге Қор білім беру саласында бекіткен қайырымдылық жобаларының бюджеті 37,5 млрд теңге.