Жаңалықтар ФУРО

Ө. Жәнібек атындағы лицей-интернат таныстырылымы

6 ақпан күні Түркістан облысы Шәуілдір ауылы №4 Ө.Жәнібеков лицей-интернатында «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» жобасы таныстырылады.

Жоба білім беру сапасын арттыруға, ауыл мектептеріне үздік педагогикалық тәжірибелер мен тиімді әдістемелерді трансферттеуге және тірек мектептердің қажетті материалдық-техникалық базасымен қамтамасыз етуге бағытталған. Жоба аясында оқу кабинеттері, STEM лаборатория, телестудия жасақталған.

Білім беруді тұрақты дамыту қорының және жоба серіктесі «Назарбаев Зияткерлік мектебі» мамандарының күшімен мектептегі білім беру ортасы мен оқыту сапасын талдау бойынша жұмыстар жүргізілді. Талдау нәтижелері негізінде мектепті дамыту, білім беру сапасын арттыру бойынша ұсыныстар жасалып, ұстаздарға қажетті біліктілік арттыру курстары өтуде.

Шара «Ашық есік күндері» форматында өтеді.