Арыстағы С. Адамбеков атындағы мектеп биыл «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасына енді. Жобаны Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігі, «Қазақстан халқына» қоры, AITAS холдингі, Назарбаев зияткерлік мектептері мен Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры іске асырады.
«Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы ауыл мен қала мектептеріндегі білім сапасы арасындағы теңсіздікті жоюға бағытталған. Жоба 2022 жылдан іске асырылып келеді. Осы аралықта еліміздің 135 мектебі тірек мектептер желісіне қосылды.

Арыстағы С. Адамбеков атындағы мектеп аталмыш жобаға 2024 жылы енді. 27 қараша тірек мектебінің ресми таныстырылымы өтті. Биыл мектептің 32 кабинеті мен қосымша білім беру бағытары бойынша студиялар толық жабдықталды. Бұл мақсатқа «Қазақстан халқына» қорынан 250 млн-ға жуық қаражат бөлінген. Мектеп презентация қатысқан Түркістан облысы әкімі орынбасары Бейсен Тәжібаев осындай жобалардың өңір үшін маңызына тоқталып өтті:
«Еліміздің әр төртінші оқушысы Түркістан облысынан. Аймағымыз білікті кадрларды дайындайтын өңірге айналуы тиіс деген мақсат қойып отырмыз. Сондықтан, мектептерге үлкен қолдау көрсетіліп жатыр. Бұл аймағымыздағы осымен 12-тірек мектебі. Тірек мектептер алдағы уақытта шағынжинақты мектептерді қолдайтын үлкен орталыққа айналады,» - деді облыс әкімі орынбасары.
Әр мектептің жабдықталуына «Қазақстан халқына» қоры 250 млн теңгеге жуық қаражат бөледі. Тірек мектеп желісі – қордың маңдайалды жобаларының бірі. «Қазақстан халқына» қорының басқарма басшысы орынбасары Ләззәт Шыңғысбаева қордың Түркістан облысындағы жобаларына да тоқталып кетті:
«Қорымызда қазірде 100-ге жуық жоба бар. Тірек мектептер желісі - ең ауқымды жобаларымыздың бірі. Қазақстанның 135 ауданында қазір мектептеріміз бар. Мақсатымыз 191 елді мекенде бір-бір тірек мектептен ашу. Бізден бөлек жобаның әр серіктесі өз қаражаттарына қолдау көрсетеді: зияткерлік мектептері ұстзадарды өз қаражатына оқытады, Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры AITAS холдингінің демеушілігі арқасында аталмыш жобаға қатысады,» - деді Ләззәт Шыңғысбаева.
Тірек мектептер желісіне қосылған оқу орынының ұстаздары Назарбаев зияткерлік мектептерінен оқу-тағылымдамадан өте бастады. Бұл – жоба ашқан тағы бір мүмкіндік. Әр ұстаз өз бағыты бойынша семинарларға, тренингтер мен интенсивті курстардан өтеді. Сондай-ақ, 3 жыл көлемінде облыстағы зияткерлік мектеп филиалымен тығыз байланысты жұмыс істеп, кең көлемді кеңес алып отырады.
Айта кетейік, «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасы 2022 жылы бастау алған. Алғашқы жылы оған 17 мектеп қатысты, 2023 жылы 62 мектеп қосылды. Осылайша, биыл тірек мектептер желісі 135-ке жетті. Жұмыс келесі жылы да жалғасын табады.

Айта кеткейік, Назарбаев зияткерлік мектептері оқыту және зерделеу жұмыстарының барлық шығындарын өз қаражатынан өтейді. Ал Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының ұйымдастыру шығындарын Aitas холдингі өтейді.
«Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы 2022 жылы басталды. Оның мақсаты — ауыл және қала мектептері арасындағы білім теңсіздігін жою. «Қазақстан халқына» қоры мен AITAS холдингі демеушілік ететін жобаның операторы — Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры. Ал жобаның академиялық бөліміне жауапты бас серіктес — «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ.
Мектептердің толық тізімі Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының furo.kz сайтынна көре аласыз.