«Еліміздің әр төртінші оқушысы Түркістан облысынан. Аймағымыз білікті кадрларды дайындайтын өңірге айналуы тиіс деген мақсат қойып отырмыз. Сондықтан, мектептерге үлкен қолдау көрсетіліп жатыр. Бұл аймағымыздағы осымен 12-тірек мектебі. Тірек мектептер алдағы уақытта шағынжинақты мектептерді қолдайтын үлкен орталыққа айналады,» - деді облыс әкімі орынбасары.
«Қорымызда қазірде 100-ге жуық жоба бар. Тірек мектептер желісі - ең ауқымды жобаларымыздың бірі. Қазақстанның 135 ауданында қазір мектептеріміз бар. Мақсатымыз 191 елді мекенде бір-бір тірек мектептен ашу. Бізден бөлек жобаның әр серіктесі өз қаражаттарына қолдау көрсетеді: зияткерлік мектептері ұстзадарды өз қаражатына оқытады, Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры AITAS холдингінің демеушілігі арқасында аталмыш жобаға қатысады,» - деді Ләззәт Шыңғысбаева.