«Бұл – біздің халықаралық деңгейдегі алғашқы сайысымыз. Мықты командалардың арасында бірінші бестікке кірудің өзі – біз үшін үлкен мәртебе. Сайыс жоғары дәрежеде өтті. Шәкірттерім Рауан Шайзан мен Расул Зандыбайдың сіңірген еңбектері орасан зор. Ендігі жоспарымыз – желтоқсан айында Римде өтетін жарысқа моральдық, материалдық және техникалық тұрғыдан дайындалу», – дейді Робототехника және информатика пәнінің мұғалімі Байсұлтанбек Бегзан.
«Роботтарды сынақ алаңына әкелген кезде, жолдан шығып кете ме деп қобалжыдық. Дегенмен жеңіске деген үміт басым болды. Үздік робототехника шеберлері қатысқан халықаралық сайыста жолдама ұтып алғанымызға қатты қуандық», – дейді Robo Baluan командасының мүшелері.