Жаңалықтар ФУРО

Біз сенімді серіктестер іздейміз

Білім беруді тұрақты дамыту қоры мектеп жиһаздары мен жабдықтарын жеткізуші компанияларды "Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту" жобасына қатысуға шақырады. Жобаның арқасында ауылдық жерлерде және моноқалаларда 190-нан астам мектептің материалдық-техникалық базасын толығымен жаңарту жоспарланып отыр, ал мектеп оқытушылары НЗМ мамандарынан оқытудан өтіп, әдістемелік көмек алады.

Білім беруді тұрақты дамыту қоры "Қазақстан Халқына" қорымен бірлесіп 2022 жылдан бастап Қазақстанның барлық облыстарында "Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту" жобасын іске асырып жатыр. 2023 жылғы наурызда жобаға қатысушы алғашқы 17 мектепті жарақтандыру аяқталады және біз жобаның екінші кезеңін іске асыруға кіріскелі отырмыз.

Жобаға 50-ден астам мектеп қосылады, сондықтан 2023 жылдың ішінде біз оларды жоба стандарттары бойынша жабдықтауымыз керек. Осындай өршіл міндетті қысқа мерзімде іске асыру үшін біз жобаға мектептерді кешенді жабдықтау тәжірибесі бар, сондай-ақ бұл үшін жеткілікті материалдық-техникалық, қаржылық және еңбек ресурстары бар компанияларды шақырамыз.

Іріктеуден өту үшін кандидат компаниялар сауалнама мен қажетті құжаттарды ұсынуы керек. Егер құжаттар қажетті біліктілікті растайтын болса, біз компания өкілдерін әңгімелесуге шақырамыз.

Сауалнаманы мына жерден жүктей аласыз.
Сауалнамаларды ұсыну мерзімі - 2023 жылғы 6 ақпанға дейін.