Жаңалықтар ФУРО

Астанада халықаралық роботек байқауы өтеді

2-3 мамыр күндері Астанада оқушылар арасындағы Robotek Grand Tournament халықаралық робототехника чемпионаты өтеді.

Жарысқа Қазақстанның барлық өңірі мен шет елдерден келген мықты құрамалар қатысады. Яғни, 9 бен 17 жасқа дейінгі 280 оқушы жеті санат бойынша бақ сынайды.

Турнирдің мақсаты – робототехника, инженерлік ғылымдар мен бағдарламалау саласындағы дарынды балаларды анықтау және оларды қолдау.