Жазира Асанова
Туған күні
Ағымдағы лауазым
Байланыс ақпараты
Әлеуметтік желілер
кәсіби тәжірибе:
2009–2012 жж. — білім беру ұйымдарында педагог, электрондық оқулықтар әзірлеушісі.
2013–2015 жж. — Астана қаласының Білім басқармасының стратегиялық бөлімінің жетекшісі.
2016–2018 жж. — «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ жүйесінде жұмыс істеді.
2019–2020 жж. — Үкіметтік «Салалық өзгерістерді басқару менеджерлерін даярлау» бағдарламасының түлегі (бағыты — «Мемлекеттік бағдарламаларды тиімді ілгерілету»).
2021–2022 жж. — ұлттық деңгейдегі әлеуметтік жобаларға сараптамалық қолдау көрсетіп, жетекшілік етті.
2022–2023 жж. — ҚР Президенті Әкімшілігі жанындағы «Delivery Unit» нәтижелерге қол жеткізуді басқару офисінің сарапшы-кеңесшісі.
2023–2024 жж. — ҚР Оқу-ағарту министрлігі деңгейінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының жобалық офисін басқарып, мектеп инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жобаларды үйлестірді.
2024–қазіргі уақытқа дейін — ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Tal Dau» Білімді зерттеу және бағалау ұлттық орталығы» АҚ даму департаментінің директоры.
Астана қаласы Әкімдігі мен ҚР Оқу-ағарту министрлігі сияқты мемлекеттік органдарда, сондай-ақ жекеменшік және квазимемлекеттік секторда еңбек еткен.
Жалпы еңбек өтілі — 15 жыл, оның ішінде 5 жыл — басшылық қызметтерде. Білім беру саласындағы тәжірибесі — 11 жыл, оның 5 жылы — жобаларды басқару саласында.
Қысқаша өмірбаяны
Асанова Жазира Қанатқызы
«Отпан: Маңғыстау облысының опорлық мектептер желісі» жобасының жетекшісі
Асанова Ж.К. 1988 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келген, жоғары білімді.
2009 жылы Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша тәмамдады, ал 2010 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетінен «Табиғи ғылымдар» магистрі дәрежесін алды.