2023 жылдың нәтижелері
2023 жыл Қордың білім беру саласындағы 4 жылдық қызметіндегі ең өнімді әрі ауқымды жыл болды. Біз үшін басты күн тәртібі – ауыл мен қала мектептеріндегі оқушылардың сапалы білімге тең қолжетімділік мәселесі болып қала бермек. Бұл мәселеде біз Қазақстанның әр ауданында және моноқаласында 200 тірек мектеп желісін құру мақсатына қарай айтарлықтай алға жылжып келе жатқанымыз қуантады. Айта кетсек, қазіргі таңда олардың саны 85-ке жетті, оның ішінде 6 мектеп «Powered by NIS ауыл мектебі» жобасының қатысушысы.
2023 жылы Қазақстанда шағын жинақты мектептерді дамыту бойынша пилоттық жоба алғаш рет іске қосылды. Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры Ақтөбе облысында оператор болып, елдегі ең ірі онлайн білім беру платформаларын тегін негізде тартты. Қордың сарапшылары жаратылыстану пәндері кабинеттері мен цифрлық кабинеттерді жабдықтау тұжырымдамасын әзірледі. Осы тұжырымдама негізінде облыстың 134 мектебі заманауи оқу жабдықтарымен қамтамасыз етілді. 2024 жылы біз жобаның нәтижелерін қорытындылап, барлық әзірлемені салалық министрлікке тапсырамыз.