2024 жылдың нәтижелері
2024 жылы Білім беру саласын тұрақты дамуы қоры ауыл мектептерін қолдауға бағытталған ауқымды жобаларды табысты жүзеге асырды. 56 мектеп жаңғыртылып, 2000-нан астам оқу кабинеті жабдықталды, 44 000-нан астам оқушы мен 3800 мұғалім қамтылды. «Тірек мектептер» және «Отпан» жобалары ауылдық білім берудегі жүйелі өзгерістердің қозғаушы күшіне айналды. Ақтөбе облысында шағын жинақты мектептерді цифрлық трансформациялау бойынша пилоттық жоба басталды. Connected халықаралық конференциясы мен ауыл мектептерінің өміріне арналған «Ауыл мектебі» фотокөрмесі негізгі оқиғалар қатарынан орын алды. Қор әрбір баланың сапалы білімге тең қол жеткізуі үшін мемлекетпен, бизнеспен және қоғаммен бірлесе жұмыс істеуді жалғастыруда.