№2 Бадамша орта мектебі
Мектеп туралы
Бадамша №2 орта мектебі – үш қабатты негізгі ғимарат пен екі қабатты қосымша ғимараттан тұратын заманауи білім ордасы. Мектептің жалпы 28 оқу кабинеті бар, олардың қатарында жаңартылған үлгідегі физика, химия, биология, STEM-зертхана, IT-кабинет, лингафон кабинеті және робототехника кабинеті жұмыс істейді.
Қазіргі таңда мектепте 562 оқушы білім алуда. Жобалық қуаттылығы — 720 оқушы.
Бірінші қабатта медицина кабинеті, асхана, технология кабинеті (ұлдар үшін) және үш оқу кабинеті орналасқан.
Екінші қабатта қыздарға арналған технология кабинеті, 80 орындық акт залы, спортзал және бес оқу кабинеті бар.
Үшінші қабатта алты оқу кабинеті жұмыс істейді.
Мектепте 23 интерактивті панель, 2 интерактивті тақта және 200-ден астам компьютер мен ноутбук бар. Бұл заманауи құрылғылар оқу сапасының артуына ықпал етеді. Мектеп аумағында футбол алаңы, волейбол және баскетбол алаңдары бар. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ғимаратқа 32 бейнебақылау камерасы орнатылған. Жоба аясында мектеп STEAM-зертхана, ART-студия, телестудия, музыка кабинеті, Intellectum холы сынды 33 жаңа кеңістікпен жабдықталды.

Мекен-жайы
Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы, Жангелді көшесі 7