Құрметті пайдаланушылар, сайт сынақ режимінде жұмыс істейді. Ақпарат толықтырылуда.

№266 мектеп-лицей

Мектеп туралы


№266 мектеп-лицейі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында бой көтеріп, 2008 жылдың 24 қазанынан бастап 1200 орындық жаңа мектеп кешенінде жұмысын бастады. Мектепте лингафон, мультимедиялық кабинеттер, 595 орындық акт залы, 340 орындық асхана, 2 спорт және 1 гимнастика залы, 50 орындық кітапхана, оқу кабинеттері мен шеберханалар бар. Мектеп жанынан 45 орындық шағын орталық жұмыс істейді. Қазіргі уақытта 195 мұғалім жұмыс істейді, олардың қатарында 38 педагог-зерттеуші, 70 педагог-сарапшы, 49 педагог-модератор және 27 жас маман бар.


Материалдық-техникалық база:
Оқу үдерісі физика, химия және биология пәндеріне арналған зертханалар, информатика кабинеттері, электронды кітапхана мен интерактивті білім беру кеңістіктері сияқты мамандандырылған кабинеттерде ұйымдастырылған. Ұл балаларға арналған металл және ағаш өңдеу шеберханалары мен қыз балаларға арналған тігін шеберханасы оқушылардың практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған.


Мектеп заманауи технологиялармен, автономды жылыту жүйесімен және орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен қамтылған. Мұнда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға бейімделген орта қоса алғанда, барлық оқушылар үшін жайлы жағдай жасалған.

Мекен-жайы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Желтоқсан көшесі, №20 үй

Жетістіктер

Олимпиадалар мен байқаулар (2022–2025 жж.):

Әртүрлі пәндер бойынша аудандық, облыстық және республикалық кезеңдерде жүлдегер атанған оқушылар

Орымбет Нұржан – Қазақстан тарихы пәні бойынша республикалық кезеңде ІІІ орын иегері

100-ден астам оқушы аудандық және облыстық кезеңдерде жүлдегер және жеңімпаз атанды

2023–2024 оқу жылында ауыл мектептеріне арналған облыстық олимпиадада 25 жүлделі орын, оның ішінде 2 – І орын


ҰБТ және түлектердің жетістіктері:

ҰБТ-дан тұрақты жоғары нәтиже көрсетіліп келеді

2005 жылдан бері 40-тан астам түлек «Алтын белгі» иегері атанды

30-дан астам түлек «Үздік аттестатпен» марапатталған


Педагогикалық жетістіктер:

Мұғалімдер облыстық және республикалық педагогикалық байқауларға қатысып келеді

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің марапаттары, мемлекеттік медальдар мен Құрмет грамоталарына ие болған ұстаздар бар