Құрметті пайдаланушылар, сайт сынақ режимінде жұмыс істейді. Ақпарат толықтырылуда.

Бестамақ орта мектебі

Мектеп туралы


Бестамақ орта мектебі 1975 жылы құрылған. Мектеп Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Бестамақ ауылында орналасқан. Мектеп ғимараты типтік, 2 қабатты, жалпы аумағы 3572,9 м². Жылыту жүйесі автономды газ қазандығы арқылы жүзеге асады, 2021 жылы толық күрделі жөндеуден өткен.


Мектептің жобалық қуаты – 624 орын. Қазіргі уақытта мектепте 707 оқушы білім алуда.


Материалдық-техникалық база:
Оқу үдерісі физика, химия және биология пәндеріне арналған зертханалар, информатика және робототехника кабинеттері, интерактивті панельдермен жабдықталған арнайы оқу кабинеттерінде жүзеге асырылады. Мұғалімдерге жеке компьютерлер берілген. Оқушылардың практикалық дағдыларын дамыту үшін ұл балаларға арналған металл және ағаш өңдеу шеберханалары, қыз балаларға арналған тігін шеберханасы жабдықталған.


Мектеп заманауи технологиялармен, орталықтандырылған сумен жабдықтау және автономды жылыту жүйесімен қамтылған. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған бейімделген орта қарастырылған. 88 бейнебақылау камерасы орнатылған (ішкі — 53, сыртқы — 35), интернет жылдамдығы — 200 Мб/с. Сонымен қатар, мектепте телестудия, АРТ студия, STEM зертханасы, спорт және мәжіліс залдары, кітапхана мен интеллектум ойын кабинеті бар.

Мекен-жайы

Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Бестамақ ауылы, Бөгенбай батыр көшесі, 54

Жетістіктер

  • 2023 ж. – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» кездесулеріне белсенді қатысқаны үшін алғыс хат

  • 2023 ж. – Аудандық олимпиадада «Үздік олимпиадалық команда» номинациясы бойынша І орын

  • 2024 ж. – Аудандық пәндік олимпиадада командалық есепте ІІ орын

  • 2024 ж. – Республикалық жоба аясында «Жетекші мектеп» мәртебесі берілді

  • 2024 ж. – «Аналитика» олимпиадасында ІІ орын

  • 2024–2025 жж. – Республикалық пәндік олимпиадада ІІ орын және 100 000 теңгелік сертификат

  • 2022 ж. – «Ауыл мектептерінің әлеуетін арттыру» жобасы аясында 250 млн теңгеге материалдық база жаңартылды