Құрметті пайдаланушылар, сайт сынақ режимінде жұмыс істейді. Ақпарат толықтырылуда.

Сейітқамза Ластаев атындағы орта мектеп

Мектеп туралы


«Сейітқамза Ластаев атындағы орта мектеп» КММ 1930 жылы орыс тілінде оқытатын мектеп ретінде құрылды. Қазіргі мектеп ғимараты 1979 жылы пайдалануға берілді, ал 2017 жылы білім ордасына 1957–1962 жылдары мектеп директоры болған Сейітқамза Ластаевтың есімі берілді.


Мектепте 344 оқушы білім алады, жобалық қуаттылығы — 484 орын.
Педагогикалық ұжымда 68 мұғалім жұмыс істейді, олардың арасында:
– 1 педагог-шебер
– 13 педагог-зерттеуші
– 21 педагог-сарапшы
– 12 педагог-модератор
– 21 санатсыз педагог


2019 жылдан бастап мектеп «NIS Powered ауылдық мектебі» жобасына қосылды. Осы уақыт ішінде мұғалімдердің 100%-ы біліктілікті арттыру курстарынан өтті, олардың бір бөлігі НЗМ мектептерінде тағылымдамадан өтті. Жоба аясында физика, химия, биология, география, математика және логика, информатика, робототехника, бастауыш сынып, инженерия, аспаздық, бейнелеу өнері шеберханалары және кітапхана кабинеттері жаңартылды.


Мектепте халық музыкасы класы мен балалар театры жұмыс істейді, сонымен қатар үстел теннисі үйірмесі енгізілген. 2022 жылы мектеп ансамблі Алматы қаласында өткен халықаралық халық ансамбльдері байқауында Гран-при жүлдесін жеңіп алды.


2019 жылы бюджет қаражаты есебінен мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді. Жоба нәтижесінде білім сапасы 65%-дан 69%-ға дейін өсті.

Мекен-жайы

ШҚО, Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылы, Торайғыров көшесі, 7

Жетістіктер

Мектеп жобаға 2019 жылы енгізілген. Мұғалімдердің 100%-ы біліктілікті арттыру курстарынан өтті, олардың бір бөлігі НЗМ мектептерінде тағылымдамадан өтті.

Жоба аясында физика, химия, биология, география, математика және логика, информатика, роботтехника, бастауыш сыныптарына арналған кабинеттер, инженерия, аспаздық, көркем еңбек шеберханалары және кітапхана жаңартылды.

Мектепте халық музыкасы, балалар театры сыныптары ашылды, сондай-ақ үстел теннисіне үйрету бағдарламасы іске қосылды. Мектеп ансамблі 2022 жылы Алматы қаласында өткен халық ансамбльдерінің халықаралық байқауында бас жүлдені жеңіп алды.
Жобалық оқытудың ішінара механизмі іске асырылуда. Мысалы, анимациялық мультфильмдер жасау (6-сынып оқушылары), киім мен сөмкелерді тігу (7-8 сынып оқушылары), балық аулау құралдарын жасау (5-сынып оқушылары), 0-сыныпқа арналған әліпбиді оқытудың заманауи әдістемесі (2-сынып оқушысы), т.б.

Бюджет қаражаты есебінен 2019 жылы мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді.
Жобаны іске асыру кезеңінде білім беру сапасы 65%-дан 69%-ға дейін артты.


  • Оқушылар 2021–2023 жылдары қазақ, орыс, ағылшын тілдері, Қазақстан тарихы, биология және құқық негіздері пәндері бойынша облыстық және республикалық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болды

  • Дина Қайратқызы — Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы грант иегері және ағылшын тілі пәнінен республикалық олимпиаданың ІІ орын жүлдегері

  • 11-сынып оқушысы — С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дің 4 жылдық гранты мен Гран-при иегері (информатика)

  • 8–10 сынып оқушыларының тобы «Мәңгілік ел – Болашаққа кегі ел» байқауында ІІІ орын алды

  • «Үздік білім беру ұйымы – 2023» байқауында ІІІ орын және 12 млн теңге жеңіп алды

  • Global Teaching Labs (MIT) халықаралық бағдарламасы аясында Массачусетс технологиялық институтының студенттері ағылшын тілі, физика және IT пәндерінен сабақ жүргізді

  • Мектеп оқушылары этномузыкант Еділ Хусаиновпен бірге V Дүниежүзілік көшпенділер ойынында (2024, Астана) және басқа да сахналарда өнер көрсетті

  • Режиссер Ринат Балғабаевтың «Мектеп» атты деректі фильмі осы мектеп пен түлектері туралы түсірілген

  • Түлек Дина Қайратқызы — Назарбаев Университетінің грант иегері және қазіргі таңда мектеп оқушыларына сабақ береді

  • Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Галина Ержановна Муканова ҚР Оқу-ағарту министрінің Алғыс хатымен марапатталды (2024)