Құрметті пайдаланушылар, сайт сынақ режимінде жұмыс істейді. Ақпарат толықтырылуда.

Т.Жүргенов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

Мектеп туралы


Т.Жүргенов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп 2006 жылдың қаңтар айында ашылды. Қазіргі таңда мектепте 516 оқушы және мектепалды даярлық сыныбында 50 бала білім алуда. Барлығы 29 сынып-комплект және 3 мектепалды даярлық тобы жұмыс істейді. Сонымен қатар, 25 тәрбиеленушісі бар 1 шағын орталық жұмыс істейді.


Мектептің жобалық қуаты – 504 орын, ал қазіргі уақытта білім алып жатқан оқушылар саны – 516


Материалдық-техникалық база:
Оқу үдерісі физика, химия және биология пәндеріне арналған зертханалар, информатика кабинеттері, электронды кітапхана мен интерактивті білім беру кеңістіктері сияқты мамандандырылған кабинеттерде ұйымдастырылған. Ұл балаларға арналған металл және ағаш өңдеу шеберханалары мен қыз балаларға арналған тігін шеберханасы оқушылардың практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған.


Мектеп заманауи технологиялармен, автономды жылыту жүйесімен және орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен қамтылған. Мұнда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға бейімделген орта қоса алғанда, барлық оқушылар үшін жайлы жағдай жасалған.

Мекен-жайы

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Т.Жүргенов ауылы, Қ. Айтазин көшесі, 16А

Жетістіктер

  • 2017–2025 жылдар аралығында мектеп ұжымы аудандық, облыстық байқаулар мен олимпиадаларда белсенділік танытып, көптеген алғыс хаттар мен марапаттарға ие болды

  • 2018 жылы – облыстық пәндік олимпиадада 1 жеңімпаз

  • 2022 жылы – аудандық пәндік олимпиада бойынша командалық есепте ІІ орын

  • 2023 жылы – «Атажұрт» байқауында командалық есепте ІІІ орын және пәндік олимпиада жеңімпаздарын дайындау бойынша марапат

  • 2024 жылы – Наурыз мерекесіне арналған бейнероликтер байқауында үздік нәтиже үшін алғыс хат

  • 2024 жылы – Жаңа жыл мерекесінің үздік ұйымдастырушысы ретінде аудан әкімінің І орын дипломы

  • 2024 жылы – «Жас жол инспекторы» аудандық байқауында жоғары нәтиже

  • 2025 жылы – қыздар арасындағы волейболдан аудандық спорт жарысында ІІ орын