Т.Жармағамбетов атындағы орта мектебі
Мектеп туралы
Мектеп типтік екі қабатты ғимараттан және қосымша оқу корпусынан тұрады. Жалпы 34 оқу кабинеті бар. Арнайы жабдықталған оқу бөлмелеріне: физика, химия, биология, география, тарих, ағылшын тілі, орыс тілі, қазақ тілі мен әдебиеті, математика кабинеттері, лингафондық бөлмелер, алғашқы әскери дайындық кабинеті, инклюзивті білім беру және әлеуметтік педагог кабинеттері, педагог-психолог бөлмесі, әдістемелік кабинет, домбыра сыныбы, 3 мектепалды даярлық бөлмесі, 7 бастауыш сынып бөлмесі, сондай-ақ STEM зертханасы кіреді.
Оқушылардың практикалық дағдыларын дамыту үшін ер балаларға арналған темір және ағаш өңдеу шеберханасы және қыз балаларға арналған тігін, аспаздық шеберханалары бар.
Мектептің жобалық қуаты — 300 орын, ал қазіргі уақытта білім алушылар саны — 843 оқушыны құрайды.
Мектепте 80 орындық асхана, 100 орындық мәжіліс залы, 1 спорт залы және кітапхана жұмыс істейді. Оқушылардың шығармашылығын дамыту мен қызығушылықтарын қолдау үшін түрлі үйірмелер ұйымдастырылған.

Мекен-жайы
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді селосы, Ә.Төленов көшесі, 15А
Байланыс
Жетістіктер
-
2022–2023 оқу жылы — Байғанин аудандық білім бөлімінің «Үздік аудан мектебі – 2023» байқауында І орын
-
2023–2024 оқу жылы — «Үздік аудан мектебі – 2024» байқауында бас жүлде
-
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде (орта мектептер арасында) командалық есепте ІІІ орын
-
«Үздік психолог кабинеті» атты облыстық байқау жеңімпазы