Ақтөбе облысының ауылдарындағы шағын жинақты мектептерді дамытуға бағытталған пилоттық жобаның нәтижелері жоғары бағаланды
# News
19 сентября, 2024

Пилоттық жоба «Ақтөбе облысындағы шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін цифрлы технологиялар арқылы дамыту» деп аталады. Өңірде былтыр бастау алды.
Бүгін Ақтөбеде өңір ауылдарындағы шағын жинақты мектептерді дамытуға бағытталған пилоттық жобаның қорытындысы бойынша республикалық семинар өтті. Оған ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, «Қазақстан халқына» қоры Басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева және Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры Қамқоршылық кеңесі төрайымы, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы Күләш Шәмшидинова қатысты.

Семинардың модераторы ретінде сөз алған аймақ басшысы Асхат Шахаров пилоттық жобаның тиімділігін атап өтті.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласына әрдайым қолдау көрсетіп, оның дамуына серпін беретін нақты міндеттерді жүктеді. Бүгінгі семинар – Президент тапсырмасына сәйкес, Қазақстанның білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Былтыр Ақтөбе облысында жүзеге асырылған «Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, Ақтөбе облысының шағын жинақты ауылдық мектептерінің әлеуетін дамыту» жобасы білім беру сапасы мен оқыту тиімділігін арттырды. 2023 жылмен салыстырғанда, ауыл мектептерінің білім сапасы орташа есеппен 7%-ға артты. Облыста білім берудің цифрлық экожүйесі қалыптасты.
Шағын жинақты ауыл мектептерін қолдау мақсатында елімізде алғаш рет қолға алынған теңдесі жоқ ірі жоба үшін еңбек еткен барлық азаматтарға ризашылығымды білдіремін», - деді облыс әкімі.

Өз сөзінде вице-премьер Тамара Дүйсенова пилоттық жобаның нәтижелерін жоғары бағалап, оны өзге өңірлердің де тәжірибесіне енгізу керектігін сөз етті.
«Бұл жобаны кеңейте түсу керек. Біріншіден, шағын жинақты мектептер көп аймақтарда көбірек іске асыру керек. Біздің басты мақсатымыз – барлық балаларға сапалы білім беру», -деп атап өтті Тамара Дүйсенова.Бір жыл көлемінде облыс әкімдігімен бірге, құзырлы министрлік, Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры мен «Қазақстан халқына» қоры аталған жобаның жүзеге асуына атсалысты.
Жобаны жүзеге асырудың нәтижесінде оған қатысқан 134 мектептің 113-і әмбебап кабинеттермен, қалғаны – жаратылыстану және цифрлық кабинеттермен жабдықталды. Қаржы «Қазақстан халқына» қорынан бөлінде. Бұл мектептердебілім берудің 4 цифрлы форматы тестілеуден өткізілді. Яғни, білім беру мекемелері аудан орталықтарындағы тірек мектептермен байланыс орнатып, педагогтер де стримингті оқытудың цифрлық шешімдерін пайдаланды.

Соның нәтижесінде, біріншіден оқу жылының басында және аяғында FURO мен Назарбаев зияткерлік мектептері өткізген мониторинг пәндердің барлығынан дерлік даму бар екенін көрсетті. Екіншіден, пилоттық жобада тірек мектептермен тікелей байланыста болып, ұстаздарынан білім алған шағын жинақты мектептердің көрсеткіші басқа оқыту формаларынан жоғары нәтиже көрсетті. Үшіншіден, жергілікті атқарушы билік өкілдерінің күшімен мектептердің 77,4%-нда интернет мәселесі оңтайлы шешілді.
Бұдан бөлек, пилоттық жоба шағынжинақты мектептерде педагог мамандардың тапшылығы мәселесін шешуге болатынын көрсетті. Ол үшін тірек мектептермен тығыз байланыс орнатып, цифрлық платформалармен жұмыс күшейту керек. Бұл ретте, жергілікті білім басқармасының жұмысын атап өткен жөн. Облыстық методикалық орталық оқытудың сабақ кестесін мектептер арасында үйлестіріп қана қоймай, 12 мыңнан артық онлайн сабақты бақылап, педагогтермен кері байланыс орнатты.

«Ақтөбе облысы – тірек және магнит мектептердің кешенді жұмысы толық іске асқан еліміздегі алғашқы аймақ. Жобамыздың нәтижесі шалғай аймақтардағы сапалы кадр жетіспеушілігін тірек мектеп ұстаздары мен цифрлы технологиялар арқылы шешуге болатынын көрсеттік», - деді Данияр Тоқтарбаев.Тағы бір айтып өтерлігі, пилоттық жоба аясында методикалық ұсыныстар, аналитикалық материалдар, заңнамалық актілерге енгізілетін өзгерістер ұсынылды.
Семинарға қатысқан жобаның серіктестері алдағы уақытта өзге аймақтарға жобаның ұйымдастыру мен орындау әдістерін бөлісуге дайын екенін жеткізді.
Другие новости
# Опорные школы
18.02.2025

Мұғалімдер медиатехнологияларды меңгеруде: Педагогикалық шеберлік орталығында мектеп телестудияларын құру бойынша семинар басталды!
«Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында мұғалімдер мектеп телестудияларын құру және басқару бойынша оқудан өтуде
# News
31.01.2025

Digital Almaty Awards 2025: ауыл мектептерін қолдау жобасы үздік бастама атанды
Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры (ФУРО) “ESG және тұрақты даму саласындағы бастамалар” санатында беделді Digital Almaty Awards 2025 жеңімпазы атанды
# News
15.01.2025

Шағын жинақты мектептерді дамыту бойынша пилоттық жобаның есебі ресми ISBN алды
2024 оқу жылында Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры серіктестерімен бірге Ақтөбе облысының шағын жинақты мектептерін дамыту бойынша пилоттық жобаны сәтті аяқтады