«Ауыл мектебі» фотокөрмесі – Түркістанда!
# News
25 ноября, 2024

27-қараша күні Түркістан қаласындағы «ÓzgeEpic» креатив хабында ауылдағы білім ошақтарының тыныс-тіршілігіне арналған «Ауыл мектебі» фотокөрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Бұл көрме шалғай ауылда орналасқан бір мектептің өмірі мен өзгерістерін сипаттайды. Фотокөрме осыған дейін Астана жұртшылығына таныстырылған болатын.
Көрменің басты идеясы – ауыл мектептеріндегі жаңашыл бастамаларды көрсету. Фотокөрме өңірлердегі білім ошақтарының жаңа технологияларды игеруін, бәсекеге ұмтылысын, елдімекеннің дамуына тигізген әсері мен жергілікті тұрғындардың болмысы мен күнделікті тіршілігін айшықтайды.
Фотокөрме «ÓzgeEpic» креатив хабының бастамасымен және ұйымдастыруымен және Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры (furo.kz) қолдауымен жүзеге асты. Атап өтерлігі, Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры елімізде ауыл мен қала мектептеріндегі білім сапасы теңсіздігін азайтуға бағытталған жобаларды іске асырады.
Жоба кураторы – Тоғжан Құрманжанқызы. Жобаға танымал фотосуретшілер Әйгерім Бегімбет және Сәбина Әбдімәлік шақырылды.
Әйгерім Бегімбет – журналист әрі фотосуретші. «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы. “Үркер” ұлттық сыйлығының лауреаты. “Тіршілік”, “Түркістан әйелдері” фотокөрмелерінің авторы.
Сәбина Әбдімәлік – суретші-фотограф. Фотожұмыстары Алматы, Атырау, Астана қалаларында қойылған. Сонымен бірге “Түсте” жеке фотокөрмесі өткен. Фотоөнермен қатар, деректі фильмдер түсірумен айналысады.
Көрме барысында фотосуретшілер шығармашылық ойларын ортаға салып, көрменің бірнеше кейіпкерін таныстырады. “Ауыл мектебі” – шалғайдағы білім беру мекемелерінің зияткерлік әлеуетін көпшілікке танытуға, сондай-ақ ауыл мектептері мен оқушыларының дамуына жаңа серпін беретін бірегей шығармашылық жоба.
Өтетін орны: «ÓzgeEpic» креатив хабы, Түркістан қаласы, 160 квартал, 252А
Өтетін уақыты: 27 қараша, 16:00
Қосымша ақпараттар үшін: +7 777 563 1002 Манижа Муминова
Другие новости
# Тірек мектептер
18.08.2025

Аягөздегі тірек мектеп: ауыл баласы армандаған орынға айналды
Аягөздегі көпбейінді қазақ мектебі 2022 жылғы тірек мектептер қатарына қосылған. Осакаровкада өтіп жатқан Тамыз саммитінде мектеп директоры Айнұр Қанапянова ауыл мектебіндегі өзгерістер жайлы айтып берді.
#
06.08.2025

51 ауыл мектебі тірек мектептер желісіне қосылады
Ауыл мектептерінде алғаш рет заманауи STEM, aрт, теле студия мен ғылыми кабинеттер пайда болып, ұстаздар оқу бағдарламасынан өтеді.
# News
22.07.2025
Атырау облысының әйелдері технология әлеміне қадам басып, болашақты өзгерте алады: STEM HANYM қатысушыларын не күтіп тұр?